Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ОҚЫТУ

Жобаны іске асыру шеңберінде өмірлік маңызы бар дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытудың жеке бағдарламасы әзірленетін болады.

Оқыту бағдарламасы шағын гранттарды алушылар үшін офлайн және онлайн тренингтер, сондай-ақ менторлардың жобаларын іске асырудың үш айы ішінде грант алушылармен ай сайынғы сессиялар өткізіледі.

Офлайн оқыту облыс орталығында өтетін екі күндік тренингтен тұрады. Басқа қалалардан келген қатысушыларға офлайн оқыту кезінде жол жүру, тұру, тамақтану және үлестірме материалдар пакеті қамтамасыз етіледі.

Онлайн оқыту ZOOM платформасын пайдалана отырып, оқыту іс-шараларын өткізуді көздейді.

Оқытудың барлық кезеңдері білікті мамандар мен жаттықтырушыларды тарта отырып жүргізілетін болады.

Оқыту іс-шараларынан басқа, әрбір шағын грант алушыға ментор бекітіледі, ол жобаны іске асыру барысында оған қолдау көрсететін болады.

Менторлар конкурстық негізде іріктелетін болады. Жобаға қатысушыларға консультациялық қолдау көрсету үшін кемінде 20 ментор тартылатын болады.