Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Жобалардың бағыты

Жас қатысушылар ұсынған жобалар жастардың осал топтарын қолдауға немесе жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы керек.

 

Жоба қатысушының тұру аумағында үш ай ішінде іске асырылуы тиіс.

 

Жоба көрсетілген бағыттардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
  • азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • жастар саясаты мен балалардың бастамаларын қолдау;
  • отбасы-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
  • жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек;
  • халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
  • мәдениет пен өнерді дамыту;
  • тарихи-мәдени мұраны қорғау;
  • қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;
  • пробация қызметтеріне оларда есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
  • азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету.

 

Конкурс аясында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жобаларға, сондай-ақ келесі бағыттағы жобаларға қолдау көрсетілмейді:

  • жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді/тауарлар сатуды көздейтін коммерциялық қызмет;
  • ұсақ жөндеуді қоспағанда, құрылыс жұмыстарының қандай да бір түрлерін немесе ғимараттарды/үй-жайларды, оның ішінде стадиондарды, жылыжай кешендерін реконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды көздейтін жобалар;
  • жергілікті мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтарды/тауарларды сатып алуды/жалға алуды көздейтін жобалар;
  • діни ұйымдарға қызмет көрсету жөніндегі жобалар (шіркеулерді, мешіттерді жөндеу немесе салу, діни білім беру, діни әдебиетті басып шығару және т. б.);
  • қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;
  • жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алуды көздейтін жобалар;
  • басқа көздер есебінен тікелей ақшалай қаржыландыру алатын жобалар;
  • ылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу әдістемелерін/бағдарламаларын әзірлеу;
  • баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуды/басып шығаруды көздейтін жобалар;
  • мақсаты ақшалай сыйлықтар тапсыру, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай да бір бағдарламаларды немесе жобаларды іске асырғаны үшін ақшалай сыйақы беру және т. б. болып табылатын жобалар;
  • грант қаражаты есебінен тікелей ақшалай қайырымдылық көмекті көздейтін жобалар;
  • жыныс, нәсіл, діни сенім, жас белгісі бойынша кемсітушілікке әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыру.

 

Жобаны іске асыру аясында шығыстардың келесі түрлеріне тыйым салынған:

  • Алматы немесе Жетісу облыстарынан тыс жерлерге сапарларға (іссапарларға, оқуға) байланысты шығыстар;
  • жекелеген тұлғаларға медициналық қызметтерге ақы төлеу;
  • өтінім берушінің еңбегіне ақы төлеуге арналған, жобаның жалпы бюджетінінің 20%-нан асатын шығындар;
  • өтінім берушінің оқытуға, біліктілігін арттыру курстарына арналған, жобаның жалпы бюджетінінің 10%-нан асатын шығындар;
  • жабдықтарды/тауарларды шетелде, шетелдік сайттарда сатып алу;

бұрын пайдалануда болған тауарларды сатып алу.