Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Қалай ментор болуға болады

Түркістан облысында тұратын белсенді тұрғындар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік сала қызметкерлері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, бизнес-кеңесшілер және кәсіпкерлер ментор бола алады.

Менторлар конкурстық негізде келесі шарттарды көрсететін өтініш толтырылған жағдайда таңдалады:

  • жұмыс өтілі (әлеуметтік салада кемінде 3 жыл) немесе жастармен жұмыс (негізінен жастардың осал топтарымен);
  • жобаларды/іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәжірибесі;
  • білімнің болуы (орта арнаулы, жоғары);
  • Мобилділік/ұтқырлық (аймақ ішінде саяхаттау мүмкіндігінің болуы).

Жастар үшін тренингтер мен менторлық жүргізу тәжірибесі (растайтын құжаттар болған жағдайда), сондай-ақ жастар корпусын дамыту жобасына тәлімгер ретінде қатысу тәжірибесі (2017-2020 ж.) болса, қосымша артықшылық болып есептеледі.