Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Конкурстық іріктеу

Жобаларды конкурстық іріктеу екі негізгі кезеңнен тұрады:

1) техникалық іріктеу;

2) конкурстық комиссияның іріктеуі.

Өтінімдерді техникалық іріктеуді ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың конкурстың шарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізеді. Техникалық іріктеу нәтижелері жобаның сайтында жарияланатын хаттамамен ресімделетін болады. Техникалық іріктеуден өткен барлық өтінімдер конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі.

Конкурстық комиссия сыртқы сарапшылардан тұратын және бағалау өлшемшарттарына сәйкес жобаларды іріктейтін болады.

Комиссия мүшелері жобаларды келесі өлшемшарттар бойынша бағалайды:

  • жобаның әлеуметтік маңызы
  • жоба нәтижелерінің қол жетімділігі
  • жобаның тұрақтылығы
  • жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы
  • бюджеттің орындылығы мен негізділігі

Комиссия мүшелерінің жобаларды бағалау қорытындысы бойынша жобалардың жиынтық рейтингін жасайды.

Жобалар рейтингі жобаның жалпы балының және жастардың осал тобына жататын өтінім берушілерге берілетін 15 балл мөлшерінде қосымша баллдың негізінде қалыптастырылатын болады.

Жалпы және қосымша баллдардың ең көп сомасын жинаған 63 өтінім беруші конкурс жеңімпаздары болып танылады.

Бірдей балл сомасы бар бірнеше жобаның болуы себебінен конкурс жеңімпаздарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, комиссия отырысында жобаларды іріктеудің тәуелсіз әдісі – рандомизация (жобаларды компьютерлік іріктеу) қолданылатын болады. Рандомизация балдары бірдей жобалар үшін ғана қолданылатын болады.