Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Жоба туралы

ZHAS РROJECT - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жастарға арналған бірегей бағдарлама.

2022 жылы ZHAS РROJECT пилоттық режимде Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан облыстарының аумағында жүзеге асырылуда. Аталған аймақтар NEET және әлеуметтік осал жастардың таралуын талдау негізінде анықталды.

Түркістан облысындағы ZHAS РROJECT Жобалық кеңсесінің жұмысын конкурстық негізде анықталған «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі жүзеге асырады.

ZHAS РROJECT шеңберінде жастарға өздерінің кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға, сондай-ақ жергілікті халыққа пайда әкелетін өз әлеуметтік жобаларын іске асыруға мүмкіндік берілді.

Түркістан облысында жастарға өз әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға 63 шағын грант бөлінді.

ZHAS РROJECT-тің негізгі мақсаттары – бұл:

  • жастардың осал топтарын дамыту үшін жағдай жасау;
  • жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық пен маңыздылық тудыратын жастар идеялары мен жобаларын анықтау және қолдау;
  • жас қатысушылардың әлеуметтік және кәсіптік бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыларды игеруі.

Қатысушылар: Түркістан облысының аумағында кемінде 3 ай тұрақты немесе уақытша тіркелген, 18-ден 28 жасқа дейінгі (қоса алғанда) аралығындағы жастар.

Басымдық: осал топтардан шыққан жас адамдар:

1) тіркелген жұмыссыз адам мәртебесіне ие жастар;

2) аз қамтылған отбасылардан шыққан жастар, жетімдер мен мүгедектер;

3) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жас ата-аналар;

4) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы жас аналар және көп балалы отбасылар.

ZHAS PROJECT келесіні қамтиды:

- жастардың осал топтарын қолдауға немесе жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға жастарға конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейін шағын гранттар беру;

- жастарды өмірлік маңызы бар дағдыларды және жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту бойынша оқыту;

- жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;

- тиімді ақпараттық-түсіндіру науқанын және кері байланыс пен проблемаларды шешу тетігін іске асыру.

Сонымен қоса, ZHAS РROJECT-тің барлық қатысушылары өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыру кезеңінде кәсіби менторлардың қолдауына ие болады.