Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

БАҚ біз туралы

27.07.2022

Түркістан облысында жастардың жаңа жобаларына 1 миллион теңге беріледі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында жастардың жаңа жобаларына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 26 шілдесінен бастап жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға арналған «Zhas project» гранты іске қосылды. Бұл бағытта Түркістан облысына 63 грант бөлініп отыр.

«Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және биылғы 10 тамызға дейін жалғасады»,- деді Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев.

Айта кетейік, жоба - жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған.

https://lenta.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-zhastardyn-zhana-zhobalaryna-1-million-tenge-beriledi_a3959524