Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Біздің команда

Наша Команда

Түркістан облысы бойынша  Zhasproject жобасын жүзеге асырумен «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ айналысады.

Қазақстан жастар конгресі – барлық жастар саясаты институттарымен жұмыс істейтін, өзін мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың маңызды серіктесі ретінде танытқан, сондай-ақ қауымдастық атынан республикалық жастар ұйымдарын қоса алғанда, 108 үкіметтік емес жастар ұйымдарын біріктіретін жобаға бағдарланған ұйым.

Қазақстан жастарының конгресі өзін-өзі дамытуға және сананы жаңғыртуға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асырды. Жобалар журналистика, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ұлттық мұра, IT-технологиялар саласында білім беру сипатына ие, сондай-ақ қатысушылардың қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңа құзыреттерге ие болуына ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстан жастарының конгресі қызметінің маңызды аспектілерінің бірі халықаралық серіктестермен жұмыс жасау болып табылады. Серіктестік қарым-қатынастарды орнату және күшейту біздің еліміздің жастарына халықаралық жобаларға қатысуға, шетелдік сарапшылардан үйренуге, тәжірибе алуға және өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықаралық білім беру және жобалық гранттарға қатысуға мүмкіндік береді.